бейсенбі, 6 қараша, 2025 18:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңа салық кодексі уақыт сынағынан өтуге тиіс

Жаңа салық кодексі уақыт сынағынан өтуге тиіс
Farabi University
"Жаңа Салық кодексі – мәңгілік заң емес"

Экономист Расул Рысмамбетовтың пікірінше, Қазақстанның жаңа Салық кодексі тиімділігін дәлелдеу үшін алдымен уақыт сынағынан өтуі тиіс. Qaz365.kz-ке берген сұхбатында сарапшы құжаттың оң тұстарымен қатар, даулы тұстары да бар екенін айтып, бизнестің бейімделуі үшін өтпелі кезеңді жеңілдетуді ұсынды.

«Жаңа Салық кодексі – мәңгілік заң емес. Оның кей бөлігі жақсы жұмыс істейді, кей тұсы қиындық туғызуы мүмкін. Ең бастысы — алғашқы алты айда айыппұл салуға асықпау керек. Бизнеске бейімделуге мүмкіндік беру қажет», – деді Рысмамбетов.

Оның айтуынша, құжат әділдік пен ашықтық қағидатына сүйеніп жасалғанымен, кей нормалар жеке кәсіпкерлерге ауыр соққы болуы мүмкін. Әсіресе шегерімдерді (вычет) шектеу туралы норма шағын бизнеске елеулі қысым тудырады.

«Біз өзіміз миллиондаған ИП аштырдық, енді соларға шегерім жасауға болмайды деп отырмыз. Бұл — шағын бизнеске ауыр соққы. Сондықтан алғашқы жарты жыл айыппұл мен қысымсыз буферлік кезең болуы керек», – деді экономист.

Рысмамбетов Президент бұған дейін де Салық кодексін енгізуді кейінге қалдырғанын еске салып, егер жаңа нұсқада қиындықтар туындаса, оны шұғыл түрде қайта қарау қажет екенін айтты.

«Кез келген заң қағаз жүзінде мінсіз көрінуі мүмкін, бірақ шынайы өмірде бәрі өзгеше. Егер алты айдың ішінде кодекстің тиімді еместігі анықталса, оны түзету — қалыпты тәжірибе», – деп түсіндірді сарапшы.

Экономист сондай-ақ Салық комитеті бизнесті жазалау емес, қолдау бағытына көшуі қажет деп есептейді.

«Салық органы жазалаушы емес, көмекші орган болуы тиіс. Оның мақсаты — айыппұл жинау емес, бизнестің дамуына жағдай жасау. Сонда ғана нақты нәтиже көреміз», – деді ол.

Рысмамбетовтың айтуынша, жаңа Салық кодексінің табысты болуы тек мәтінге емес, биліктің кәсіпкерлерді тыңдап, олардың проблемасына уақытында жауап беру қабілетіне байланысты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар