жексенбі, 2 қараша, 2025 18:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады

Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады
Прокуратура жұртшылыққа ескерту жасады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жұмыспен қамту саласындағы қылмыскерлердің белсенділігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Шетелдік дереккөздердің мәліметтеріне сәйкес интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды.

Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар «жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны» орнатуды ұсынады, бұл зиянкестерге банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Тайланд, Мьянма және т.б.) жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті болып қалуда. 
Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады.

Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесілер ұсынылады: 

- құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекен-жайын тексеру; 

- жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдеу үшін қаражат аудармау; 

- қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнату;

- ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау;

- қызметкерлерді іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату; 

- кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау. 

Сіздің туысыңыз немесе досыңыз адам саудасының құрбаны болған жоқпа тексеріңіз: 

- әдеттегідей қоңырау шалған кезде бейне қоңырауға ауысуды ұсыныңыз. Егер ол бас тартып, «мүмкін емес» – деп байланысын үзсе, бұл дабыл сигналы, полицияға хабарласуды ұсынамыз; 

- бейне қоңырау кезінде келесі сұрақтарды қойыңыз: «Қайда тұрғаныңды көрсет - мен сенің қаншалықты жайлы екеніңді көргім келеді»; Сенің жаныңда кім бар, оларды көруге болады ма; Сен қазір қайдасын, бұл пәтерме, жатақханама, үйме; Бүгін таңғы асқа/түскі асқа/кешкі асқа не бар; Телефонды қай жерде қуаттайсыз; Сенің қасыңда розетка барма; Терезеден қандай көрініс, көшеге шыға аласың ба; Сен бүгін демалдың ба; Сенде демалыс қашан;Жалақы алдың ба; Құжаттарыңды қайда сақтайсын?».

Адам орналасқан фонға және қоршаған ортаға (бөлме, қойма, жатақхана), қасында әңгімені бақылап тұрған бөтен адамдардың болуына, кеңес берудің дыбысына, дауыс екпініне, бет әлпетіне (қорқып тұрғандай көрінеді, камераға қараудан бас тартады) назар аударыңыз.

Егер адам қоршаған ортаны көрсетуден бас тартып, сөйлеуден қорқып, қысқа немесе бір қалыпты сөйлессе - мүмкін оны бөтен адамдар бақылап тұр, мұндай жағдайларда полицияға хабарлауды ұсынамыз, – деп жазылған ресми хабарламада

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар