дүйсенбі, 3 қараша, 2025 2:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқтар Серік Мейрамбекпен неліктен құда болғысы келетінін айтты

Тоқтар Серік Мейрамбекпен неліктен құда болғысы келетінін айтты
Ол Жетінші арнаға сұхбат берген еді.

Әнші Тоқтар Серіков Жетінші арнадағы «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында досы Мейрамбек Беспаевпен неліктен құда болғысы келмейтінін айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Ертеңгі күні менің ұлым мен оның қызы көңіл жарастырып, құда боламыз деп жатса, мен күйзеліске түсіп қалуым мүмкін. Себебі Мейрамбегімді ешқандай жамандыққа қимаймын, жан дүниемнің жартысы секілді болып кеткен. Ол маған туыс болып кету керек сияқты. Оның баласына өз баламдай қараймын», - дейді әнші.

Ол әнші Сәкен Майғазиев те балалық шақтан бірге келе жатқан досы екенін атап өтті.

«Ертең біздің балаларымыздың арасында сондай сезім пайда болса, әрине, қуаныштымыз, бірақ мүмкін емес нәрсе секілді, ондай дүниеге қимаймын. Ет жақыным, ағайыным болып кеткен. Олар үшін отқа түсуге бармын. Қазақша айтқанда, жауға да, дауға да бермеймін. Бірақ құда болғым келмейді, ертең болмайтын нәрсеге ренжісіп қалуымыз мүмкін. Дүниедегі ең қиыны сол. Сондықтан достармен дос болып қалғым келеді», - деп түйіндеді Тоқтар Серіков.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар