дүйсенбі, 11 тамыз, 2025 10:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Терезеден балаларын лақтырған әйелді полицей қарауылдауда

Терезеден балаларын лақтырған әйелді полицей қарауылдауда
Фото: wishescards.ru
Павлодларда терезеден балаларын лақтырған әйелді полицейлер қарауылдауда.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, әйел жатқан аурухана палатасы тәулік бойы бақылауда.

Балалардың анасы стационарлық ем қабылдап жатыр. Денсаулығының ауырлығына байланысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Себебі әйел өздігінен қозғала алмайды. Палатада кезекші полицейлер бақылау жүргізіп отыр, – деді облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Ибраев.

Полиция өкілдері павлодарлық әйелдің көршілері айтқан мәліметті де растады. Олардың айтуынша, әйел бір жыл бұрын да бес қабатты үйдің терезесінен секірмек болған.

2024 жылы әйел өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте балконнан секірмек болды. Бұл факт тіркелді, кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қысқартылды, – деп түсіндірді Ибраев.

Павлодардың №1 қалалық ауруханасы хабарлағандай, 7 тамыз күні науқасқа ота жасалды.

1 тамыздан бері ол көпжарақат бөлімшесінде жатыр. Бүгін оған ота жасалып, екі өкше сүйегіне остеосинтез жүргізілді. Жағдайы тұрақты, – деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Әйелдің тірі қалған үлкен ұлы да ем қабылдап жатыр.

Балада жамбас сүйектерінің сынуына байланысты қатаң төсек тәртібі сақталуда. Жағдайы оңалып келеді, баланың хәлі қанағаттанарлық күйге жақындады, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Дәрігерлердің айтуынша, палатада балаға отбасының бір туысы күтім жасап отыр. 

Еске салайық, 30 шілдеде Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті. 

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған. 

Дәрігерлер балалардың жағдайы өте ауыр деп хабарлап, одан кейін балалардың кенжесі қайтыс болды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар