бейсенбі, 7 тамыз, 2025 10:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ыстамбұлда ер адам Айя София мешітінде өрт қоюға тырысқан

Ыстамбұлда ер адам Айя София мешітінде өрт қоюға тырысқан
Фото: Ekol TV
Түрік полициясы Ыстамбұлдағы Айя София мешітінде өрт қоюға тырысқан күдіктіні ұстады.

Бұл туралы Түркияның Ekol TV телеарнасына хабарлады. Оқиға Иша намазы кезінде орын алған. Қызыл қалпақ пен шорт киген ер адам қалтасындағы қағаздарды өртеп, мешіт ішінде от жағуға әрекеттенген. Куәгер әйелдің шұғыл әрекетінің арқасында өрттің алдын алу мүмкін болды – ол өртті байқап, дереу имамға хабар берген.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің аты-жөні Месут Гүчлу. Ол бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, оқиғадан бірнеше сағаттан кейін қолға түсті.

Ekol TV-дің мәліметінше, бұл адам шілде айында да "ғибадат орындары мен зираттарға зақым келтірді" деген айыппен қамауға алынған. Сонымен қатар ол Бақыркөй психикалық және неврологиялық аурулар ауруханасында емделген.

Оқиғадан кейін Айя София мешітінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Айта кетейік, биыл 8 маусымда Йеменде де мешітке шабуыл жасалған болатын. Психикалық ауытқуы бар ер адам Эль-Байда провинциясындағы Карн-Асад ауылындағы мешітке шабуыл жасап, дұға аяқталғаннан кейін оқ жаудырып, 12 адамды мерт қылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар