сенбі, 2 тамыз, 2025 4:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Итімен автобусқа кіре алмаған алматылық полиция шақыртқан

Итімен автобусқа кіре алмаған алматылық полиция шақыртқан
Фото: видеодан скрин
Алматы тұрғыны итімен қоғамдық көлікке мінбек болған. Алайда автобус жүргізушісі оларды қоғамдық көлікке кіргізбей қойған.

Бойжеткеннің сөзінше, үй жануары автобусқа кіру үшін барлық заң талаптарына сай болған. Ол химиотерапиядан шыққан итін ертіп үйге қайтып бара жатқан.

№85 мемлекеттік нөмірі 855EY02А автобус. Аузында тұмылдырығы, қарғыбауы бар, автобустың жолаушылар тұратын алаңға кірдім. Бұл заңға сай. Алайда автобус жүргізушісі бірден агрессия көрсетіп, дөрекі түрде “автобустан түсуімді” талап етті. Оның айтуынша, итпен автобусқа мүлдем кіруге болмайды екен. Мен оған заң бойынша рұқсат етілгенін түсіндірдім, бірақ ол біз түспейінше қозғалмайтынын айтты, – деп жазды желі қолданушысы.

Ол сол сәтте полиция шақырып, жағдайды толық баяндаған. Полиция иттің аузында тұмылдырығы бар екенін растап, жүргізушіге оның әрекеті дұрыс емес екенін түсіндірген. Алайда жүргізуші өз айтқанынан қайтпаған. Кейін автор полиция бөлімшесіне барып, жүргізушінің үстінен арыз жазған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі №349 бұйрығының (26.03.2015 ж.) 37-тармағын және лауазымдық нұсқаулықты бұзды. Аталған тармаққа сәйкес, “Иттер қарғыбау және тұмылдырықпен, жолаушылар жиналатын алаңда тегін тасымалданады”. Бастапқыда жүргізуші итпен автобусқа мүлдем кіруге болмайды деп қарсы болды, кейін өз сөзінен қайтып, басқа талап қоя бастады. Ол иттің аузында тұмылдырықпен болса да, қосымша тасымалдауыш болуы керек деді, – деп жазды иттің иесі.

Жас қыз итін апта сайын ветеринарлық клиникаға апаратынын, үй жануары барлық екпені алғанын және үнемі күтім жасалатынын атап өтті. Жазба авторы алдағы уақытта автобус жүргізушісін сотқа беретінін жеткізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар