
"3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді.
Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, биыл көктемде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысымен телефон арқылы сөйлескен.
Әңгіме барысында президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.