
Жыл басындағы алғашқы статистикалық мәліметтерге сәйкес, бала туу саны Шығыс Еуропа, Балқан түбегі, Латын Америкасы, Кавказ және Азия елдерінде айтарлықтай азайған. Кейбір мемлекеттерде бұл көрсеткіш соңғы онжылдықтағы ең ірі құлдырауға жетті.
Туу көрсеткішінің төмендеуі тіркелген елдердің қатарында:
Қазақстан – 14,4 пайызға азайған
Түркия – 14,3%
Армения – 17,2%
Қырғызстан – 13,5%
Румыния – 10,4%
Молдова – 10,9%
Қытай – 8,7%
Бразилия – 9,1%
Болгария – 5,9%.
Оңтүстік Кореядағы ахуал ерекше. Бұл елде жалпы туу коэффициенті (TFR) бар болғаны 0,73-ке дейін төмендеген. Бұл – тарихтағы ең төменгі деңгей. Яғни, әр әйел өмір бойы орта есеппен бір баладан да аз туатын жағдайға жеткен.
Демографиялық тұрғыда салыстырмалы түрде тұрақты саналатын Германия, Франция және Италия елдері де стагнация кезеңіне өткен. Ресейде туу көрсеткіші 4 пайызға төмендеген. Қазір бұл елде жалпы туу коэффициенті 1,40 деңгейінде тұр. Бұл – халықтың өздігінен ұдайы көбеюіне қажетті межеден (2,1) әлдеқайда төмен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Құрбан айт намазының оқылатын уақыты белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025