
“2024 жылы 19 сәуірде “Түркия Республикасының ресми газетінде" жарияланған қаулыда: "Жоспарлы кесар тілігі енді медициналық орталықтарда жасалмайды" деген тармақ бар”, – деп жазды басылым.
Денсаулық сақтау министрлігінің шешімінде: шағын жекеменшік клиникаларда медициналық көрсеткіштерсіз жоспарлы кесар тілігін жасауға енді рұқсат етілмейді. Алдағы уақытта ота бөлімі жоқ емханаларда перзентхана бөлімшелерін ашуға мүлде тыйым салынады делінген.
Сондай-ақ жаңа ережелер науқастардың деректерін цифрлық құжаттауды және медицина мекемелерінің заманауи қауіпсіздік пен деректердің ашықтығы стандарттарына сай болуын міндеттейді. Медициналық процедуралардың ғылыми ұсынымдарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тұрақты тексерулер жүргізілмек.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.