Саясат
                                    
                                        
                                            
                                        
                                    
                                
                                Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының президентін құттықтады
- авторОймақ
 - 27 сәуір, 2025
 - 559
 
                                    Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады.
                                Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Президент Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.
                                    Автор
                                    
                            Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






