
Ержет Бішкекте (Қырғызстан) Азия чемпионатында алтын медаль алған.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Ержет Жарлықасын Тиранада (Албания) өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды.
“Қазақстандық балуан 63 келіде дейінгі салмақта «күміс» алды. Финалда ол Әзербайжаннан келген Нихат Маммадалиге қарсы тұрды. Шешуші жекпе-жек қарсылас пайдасына 6:1 есебімен аяқталды. Ержет әлем чемпионатын «күміспен» аяқтады”, – делінген Ұлттық Олимпиада комитеті хабарламасында.
Айта кетелік, биыл Ержет Бішкекте (Қырғызстан) Азия чемпионатында алтын медаль алған.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Жаңқош Тұраровтың ісі бойынша полиция мәлімдеме жасады
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
"Жеңісті тағы қайталағым келеді": Елдос Сметов әсерлі жазба жариялады
- авторОймақ
- 28 шілде, 2025