Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауржан Әленов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бала саудасымен айналысқан күдікті ұсталғанын жазды.
Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша, 25 тамызда әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесетін топ туралы жедел ақпарат түскен.
- 28 тамызда осы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іске күдікті 38 жастағы Қызылорда облысының тумасы ұсталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазды полиция бастығы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда ұлы соққыға жыққан қарияның мәйітіне қайта сараптама тағайындалды
- авторОймақ
- 16 қыркүйек, 2025
Енді алаяқтардың құрбаны болған азаматтар өз атына рәсімделген несиелерді жоя алады
- авторОймақ
- 16 қыркүйек, 2025