Астана тұрғындарына газдан улану мен өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді
- авторОймақ
- 6 қараша, 2026
- 43
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық құтқарушылар жылыту маусымында тұрғындарға газдан улану мен өрттің алдын алу шараларын еске салды. Мамандар көміртегі тотығы мен табиғи газ датчиктерін, сондай-ақ түтін хабарлағыштарын орнатып, оларды дұрыс пайдаланудың маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, мамандар құрылғылардың жұмысын жүйелі түрде тексеріп, батареяларының жарамдылығын бақылауды және қажет болған жағдайда уақытылы ауыстыруды ұсынады. Сонымен қатар өрт және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтап, желдету жүйесі мен газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау қажет.
Газ датчигі іске қосылған жағдайда, үй-жайдан дереу шығып, электр құрылғыларын қосуға және ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Оқиға туралы қауіпсіз жерге шыққаннан кейін 104 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.
Өрт шыққан жағдайда ғимараттан тез арада эвакуацияланып, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керек.
Құтқарушылардың айтуынша, жарамды газ датчиктері мен түтін хабарлағыштары тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





