сәрсенбі, 11 қараша, 2026 22:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты

Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
Алматы әкімдігі
Полиция өкілдері әзірге оқиғаның мән-жайы мен нақты қалай болғанын жариялаған жоқ.

Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты. Бұл жөнінде Көліктегі полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаға байланысты еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция өкілдері әзірге оқиғаның мән-жайы мен нақты қалай болғанын жариялаған жоқ.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген басқарма хабарламасында.

Ал әуежайдың баспасөз қызметі перронда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақта жазатайым оқиға болғанын растады. Олардың мәліметінше, марқұм – мердігер ұйым қызметкерлерінің бірі. Әуежай әкімшілігі құзырлы мемлекеттік органдарға тергеу аясында қажетті көмек көрсетіп жатқанын және тергеу аяқталғанша қосымша пікір білдіруге құқығы жоқ екенін жеткізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар