сәрсенбі, 11 қараша, 2026 12:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

TikTok-та бейәдеп сөз айтқан маңғыстаулық жігіт 7 тәулікке қамаққа алынды

TikTok-та бейәдеп сөз айтқан маңғыстаулық жігіт 7 тәулікке қамаққа алынды
polisia.kz
Тікелей эфирде заң залаптарын сақтау маңызды.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түпқараған ауданының 21 жастағы тұрғыны Ғадылбек Құлжановтың Таушық ауылында TikTok желісі арқылы тікелей эфир жүргізіп, бейәдеп сөздер қолданғаны және айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізу азаматтарды заң талаптарын сақтау міндетінен және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.

Қоғамдық тәртіпті бұзу, өзгелерге құрметсіздік таныту және бейәдеп сөздер қолдану заңнамада көзделген жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар