жексенбі, 8 қараша, 2026 1:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіптің шығармалары ЮНЕСКО тізіміне енді

Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіптің шығармалары ЮНЕСКО тізіміне енді
Ақорда
Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Қазақстанның құжаттық және материалдық емес мәдени мұрасын ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне енгізу жөніндегі бастамаларын іске асыру жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин мәлімдеді.

Вице-Президенттің жазуынша, Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты өңірлік комитетінің 11-отырысында Қазақстан ұсынған екі номинацияны ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» (MOWCAP) бағдарламасының өңірлік тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданған. Олар – Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы «Есік жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының басылымдарға шыққан туындыларының топтамасы».

Сондай-ақ желтоқсан айында Қытайдың Сямынь қаласында өтетін ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 21-сессиясы да маңызды оқиға болмақ.

«Аталған сессияда Қазақстанның қатысуымен әзірленген «Кесте өнері: біз кесте, бедел кесте» және «Дәстүрлі киіз басу: киіз басу» атты көпұлтты номинацияларды, сондай-ақ «Салбурын: тазы ертіп, бүркіт салатын атбегілер фестивалі» атты Қазақстан номинациясын Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу туралы түпкілікті шешім қабылданады», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бағалау органы аталған номинацияларды тізімге енгізу жөнінде оң қорытынды берген.

Осылайша, ЮНЕСКО тізімдері ұлтымыз бен еліміздің тарихи-мәдени мұрасын танытатын жаңа қазақстандық номинациялармен толығып жатыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар