сейсенбі, 27 қазан, 2026 15:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алатауда құны 800 млн доллардан асатын кешеннің құрылысы басталды

Алатауда құны 800 млн доллардан асатын кешеннің құрылысы басталды
Үкімет
Алатау қаласында инвестиция көлемі 800 млн доллардан асатын Iconic Complex көпфункционалды кешенінің іргетасы қаланды.

Қаланың болашақ іскерлік орталығында орналасатын нысанның құрылысын 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба бойынша биіктігі 272 және 78 метр болатын екі мұнара салынады. Кешенде кеңселер, тұрғын үйлер, қонақүй, сауда орындары және қоғамдық кеңістіктер орналасады. Іргетас қалау рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.

Үкімет мәліметінше, 2026 жылдың тоғыз айында Алатаудың негізгі капиталына салынған инвестиция 1,6 есе өсіп, 70,3 млрд теңгеге жеткен. Қаланың жалпы инвестициялық портфелінде құны шамамен 6,9 млрд доллар болатын 67 жоба бар. Оларды іске асыру арқылы 55 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Инвестициялық жобаларға қажетті инфрақұрылым да жаңартылуда. Қазір резервтен 35,3 млрд теңге бөлінген 28 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында электрмен және сумен жабдықтау нысандары, автомобиль жолдары бар.

Қанат Бозымбаев құрылыс мерзімін, сейсмикалық қауіпсіздік пен энергия тиімділігі талаптарын сақтауды, сондай-ақ қазақстандық компаниялар мен мамандарды жұмысқа тартуды тапсырды.

Кешеннің бас мердігері – China State Construction Engineering Corporation компаниясы. Сәулеттік тұжырымдаманы америкалық Skidmore, Owings & Merrill бюросы әзірлеген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар