жұма, 9 қазан, 2026 16:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Стамбұлда көпқабатты тұрғын үй ішінара опырылды

Стамбұлда көпқабатты тұрғын үй ішінара опырылды
Фото: x.com/@thenewregion
Стамбұлда тұрғын үй құлаған жерде адамдарды іздеу-құтқару операциясы аяқталды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 10 тұрғын зардап шекті.

Бұған дейін Стамбұлда жеті қабатты тұрғын үйдің бастапқы үш қабаты құлағанын жазған едік. Оқиға салдарынан бес адамның қаза тапқаны, тағы 10 зардап шегушінің үйінді астынан құтқарылғаны белгілі болды. Бұл туралы "Известия" басылымы TRT Haber мақаласына сүйеніп жазған.

"Стамбұлдың Малтепе ауданындағы жеті қабатты ғимараттың ішінара құлаған жерінде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оның салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті; сондай-ақ 10 адамның құтқарылып, жарақат алғаны хабарланды", - делінген материалда.

Оқиға кеше таңертең Джевизли кварталында болғаны айтылады. Онда әзірге анықталмаған себептерге байланысты ғимараттың алғашқы үш қабаты қираған. Апат салдарын жоюға 175 өрт сөндіруші мен Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) 25 маманы қатысты. Олар қираған құрылымдарды бөлшектеу үшін із кесуші иттер мен арнайы техниканы жұмылдырды.

Қазіргі уақытта полиция оқиға орнын толығымен қоршауға алды, ал тергеу органдары құлаған сәт түсірілген сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеуге кірісті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар