Бүгін, 5 қазанда Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтіп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елдің білім беру жүйесінде 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Оның шамамен 420 мыңы мектептерде, 100 мыңнан астамы мектепке дейінгі ұйымдарда, тағы 43 мыңы колледждерде жұмыс істейді.
Қазақстанда бұған дейін Мұғалімдер күні қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін. 2023 жылы Үкімет қаулысымен мерекенің күні өзгертіліп, 5 қазанға бекітілді.
Осылайша Қазақстандағы Мұғалімдер күні Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Бұл күнді ЮНЕСКО 1994 жылы белгілеген. Қазір ол әлемнің 100-ден астам елінде аталып өтеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




