дүйсенбі, 5 қазан, 2026 8:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады
Aikyn.kz
Биыл 25 қазан – Республика күні жексенбіге сәйкес келеді.

Қазақстандықтар қазан айында Республика күніне байланысты қатарынан үш күн демалады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 25 қазан – Республика күні жексенбіге сәйкес келеді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мереке күні демалыс күніне сәйкес келген жағдайда демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар:

24 қазан, сенбі – демалыс күні;

25 қазан, жексенбі – Республика күні;

26 қазан, дүйсенбі – мерекеге байланысты ауыстырылған демалыс күні.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер 24-26 қазан аралығында қатарынан үш күн демалады. 27 қазан, сейсенбі – жұмыс күні.

Ал алты күндік жұмыс аптасында демалыс тәртібі өзгеше болады. 24 қазан, сенбі – жұмыс күні, 25 қазан – Республика күніне байланысты демалыс, 26 қазан – ауыстырылған демалыс күні.

Республика күні – Қазақстандағы ұлттық мереке. 25 қазан мереке күні ретінде 2022 жылы қайта бекітілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар