сейсенбі, 29 қыркүйек, 2026 13:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Заңсыз граффити салған жігіт ұсталды

Заңсыз граффити салған жігіт ұсталды
polisia.kz
Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

ЖБО камераларын зерделеу кезінде Ақсай қаласындағы ғимараттардың бірінің қоршауына жас жігіттің заңсыз жазу жазып тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны Александр Александров болып шықты.

Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Заңсыз жазу жойылды.

Осы ретте полиция заңсыз жазулар мен граффити салу жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар