сейсенбі, 29 қыркүйек, 2026 12:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жазғы Азиада: стенд атудан еі спортшы финалға өтті

Жазғы Азиада: стенд атудан еі спортшы финалға өтті
olympic.kz
Жекелей сайыстағы финалдар бүгін өтеді.

Қазақстан құрамасы стенд атудан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Отандастарымыз трап бәсекесінде ел намысын қорғады.

Іріктеуде Әлішер Айсалбаев 117 ұпай еншілеп, жетінші орынмен финалға өтті.

Ал Даниил Почивалов 116 ұпаймен 12-орын, Марк Почивалов 115 ұпаймен 15-орынға жайғасты. Олар іріктеуден өте алмады.

Ал әйелдер арасында Элеонора Ибрагимова 110 ұпай жинап, тоғызыншы орынмен ақтық сынға өтті.

Наргиза Сарманова 105 ұпаймен 19-орын, Милана Папчихина 104 ұпаймен 21-орынға тұрақтап, финалға шыға алмады.

Айта кетейік, жекелей сайыстағы финалдар бүгін өтеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар