сенбі, 26 қыркүйек, 2026 21:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

TikTok-та балағат айтқан екі қыз әлеуметтік жауапкершілікке тартылды

TikTok-та балағат айтқан екі қыз әлеуметтік жауапкершілікке тартылды
видео скрин
Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде екі қыздың тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып отырған бейнежазбасы тараған.

Тексеру барысында бейнежазбаның көлік базары аумағында түсірілгені анықталды. TikTok-тағы тікелей эфирге 19 жастағы Жұлдызай Мұратбаева мен 21 жастағы Гүлмира Қанатова қатысқан.

Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қоғамдық орындар, оның ішінде әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жағдайда құқыққа қайшы әрекет бейнежазбаға түсірілген, эфирге қатысушылардың жеке басы анықталып, жинақталған материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік жаза түрін сот белгіледі, — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Полиция әлеуметтік желілер жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын және әкімшілік заңнама талаптарына қайшы келетін әрекеттер үшін заңда тиісті жауапкершілік көзделген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар