дүйсенбі, 21 қыркүйек, 2026 14:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін және дауыс беру нәтижелері Владимир Путин жүргізіп отырған стратегиялық бағытты халықтың кеңінен қолдайтынын айқын көрсеткенін атап өтті.

«Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ», – делінген құттықтау хабарламасында.

Жеделхатта Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық ынтымақтастыққа айрықша назар аударылды. Президент Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы серіктестікті дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар