Каратэден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Софья Берульцева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Софья 68 келіден жоғары салмақта финалға дейін жетті.
Отандасымыз финалда таиландтық Манееван Буцуванды жеңді. Осылайша ол жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Қазақстандық каратэші финалға дейін Дина Мостафаны (Сауд Арабиясы) жеңсе, жартылай финалда Непал өкілі Арика Гурунгтен басым түсті.
Бұл Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Каратэші бұған дейін Ханчжоу-2022 ойындарында да алтын медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, бұған дейін Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





