жексенбі, 20 қыркүйек, 2026 18:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әмен Тұяқов Алматының құрметті азаматы атағын алды

Әмен Тұяқов Алматының құрметті азаматы атағын алды
ашық дереккөз
Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмен Тұяқов Алматының құрметті азаматы атағын алды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қала күні қарсаңында бір топ азамат «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Олардың арасында еңбек ардагері Гайникен Бибатырова, көрнекті құрылысшы-инженер Клара Летникова, кескіндемеші-суретші Амандос Ақанаев, сәулетші Орысбай Баймырзаев бар. Сондай-ақ дәрігер Орынбай Дайырбеков пен ғалым-хирург Болатбек Баймахановқа да осы атақ берілді.

Скрипкашы, дирижер әрі композитор Мұрат Серкібаев та Алматының құрметті азаматы болды.

«Қаламыздың дамуына үлес қосқан азаматтарға берілетін «Құрметті азамат» атағы бар. Алматыда біраз уақыт бойы бұл құрметті атақты беру тоқтатылған еді. Биылдан бастап «Қаланың Құрметті азаматы» атағын табыстауды қайта жаңғырттық», – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар