дүйсенбі, 14 қыркүйек, 2026 16:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

2027 жылдан бастап зейнетақы өзгеруі мүмкін

2027 жылдан бастап зейнетақы өзгеруі мүмкін
baq.kz
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,5 пайызға арттыру көзделген.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жиынтық орташа зейнетақы мөлшері (БЖЗҚ-дан төленетін жинақтаушы компонентті есепке алмағанда) шамамен 170 740 теңгені құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Informburo.kz медиа-порталының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ведомствоның алдын ала болжамынша, 2027 жылы ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері – 111 640 теңге, ал базалық зейнетақы – 59 100 теңге деңгейінде күтілуде. Сонымен қатар 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына сәйкес, жасына және еңбек өтіліне байланысты берілетін төлемдерді 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,5 пайызға арттыру көзделген.

«Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет жыл сайын әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып әзірленеді. Осы болжам бойынша инфляция деңгейі 7,5-9,5% аралығында белгіленген, осыған байланысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға өсіру жоспарланып отыр. Базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артады. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер жыл сайын 5%-ға индекстеледі», – деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еліміздегі жиынтық орташа зейнетақы мөлшері 197 446 теңгені құраған болатын (ынтымақты – 103 389 теңге, базалық – 54 034 теңге, жинақтаушы – 40 043 теңге). Ал 2027 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейін 55 173 теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр, бұл базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120 пайызына дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар