сенбі, 12 қыркүйек, 2026 10:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
istockphoto
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады. Кей облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ұлытау және Қарағанды облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ұлытаудың батысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Қарағанды облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанады. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Петропавлда да жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі.

Ақтөбе облысының кей бөлігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр мен найзағай болжанып, күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Алматы облысының шығысында жел екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін.

Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Атырау мен Маңғыстау облыстарының бірқатар ауданында тұман түседі. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар