сейсенбі, 8 қыркүйек, 2026 14:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ата-аналар мұғалімді жұмыс уақытынан кейін мазаламау керек: министр жауап берді

Ата-аналар мұғалімді жұмыс уақытынан кейін мазаламау керек: министр жауап берді
Үкімет
Ол ата-аналар педагогтің кешкі уақыттағы жеке өміріне құрметпен қарауға тиіс екенін айтты.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жұмыс уақытынан кейін ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруіне қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, ата-аналар педагогтің кешкі уақыттағы жеке өміріне құрметпен қарауға тиіс, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Министр әр педагог күніне орта есеппен алты оқу сағатын өткізіп, жүздеген баламен жұмыс істейтінін атап өтті. Сабақ аяқталғаннан кейін де мұғалімнің жұмысы жалғасады: ол оқушылардың дәптерін тексеріп, бағаларын қойып, келесі күнгі сабаққа дайындалады.

«Келесі күні сабаққа жақсы дайындықпен келуі үшін мұғалім тынығуы керек. Сондықтан ата-аналар мұғалімнің кешкі уақыттағы жеке өміріне құрметпен қарауы тиіс», – деді Сүлейменова.

Бұған дейін министрдің мұғалімдер кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап бермеуіне болады деген сөзі қоғамда талқыланған еді.

Сүлейменова «Педагог мәртебесі туралы» заңда мұғалімнің жұмыс және жеке уақытына қатысты мәселе реттелгенін айтты. Алайда сағат 18:00-ден кейін жауап беруге нақты шектеу енгізу мәселесі әзірге шешілген жоқ. Министрдің сөзінше, бұл ата-аналар қауымдастығымен ақылдаса отырып қаралады.

Сонымен бірге балаға қатысты шұғыл жағдайлар ерекшелік болуы мүмкін.

«Әрине, балаға қатысты шұғыл жағдайлар болады. Мұндай кезде мұғалімдер жауап беруге уақыт табатынына сенімдімін», – деді министр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар