Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың алғашқы алты айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінің көлемі 126,6 млрд теңге болды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30% көп.
Қазір Қазақстанда фармацевтикалық және медициналық өнім шығаратын 209 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 43-і дәрі-дәрмек өндіреді. Тамыз айындағы мәлімет бойынша, нарықтағы отандық өнімнің заттай үлесі 40,3%-ға жеткен.
Қазақстандық компаниялар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 2 994 атауын тіркеген. Олардың қатарында бактерияға қарсы, жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы препараттар, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған дәрілер бар.
Отандық өндірушілер үшін ұзақ мерзімді сатып алу тетігі де енгізіліп жатыр.
— 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, 31 отандық өндірушімен 2 022 өнім атауын жеткізуге 83 шарт жасалған. Кәсіпорындар үшін бұл болжамды сұраныс пен қуаттылықты жүктеуді, өндірісті кеңейтуді және жаңа препараттарды шығаруды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Дәрілік заттар GMP стандарттары бойынша шығарылады, — делінген хабарламада.
Қазақстандағы фармацевтика саласына шетелдік компаниялар да инвестиция салып жатыр. AstraZeneca, Pfizer және Roche өндірісті жергілікті жерде жолға қою және технологияларды Қазақстанға беру жобаларына қатысуда. 2025 жылы фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция 56%-ға өсіп, 142,8 млн долларға жетті. Ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында салаға тағы 7,1 млн доллар инвестиция тартылған.
Фармацевтикалық өндірістерді салу және кеңейту бойынша сегіз ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалар іске қосылғанда Қазақстанда онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, аутоиммунды, орфандық және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған 494-тен астам дәрі-дәрмек өндіру жоспарланған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жасады
- авторОймақ
- 27 тамыз, 2026
Реанимациядағы қарындасыма бару үшін ұстаздың рұқсатын үш күн күттім
- авторОймақ
- 27 тамыз, 2026





