дүйсенбі, 24 тамыз, 2026 20:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ленгердегі қатыгездік: әйелге жасалған шабуылға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ленгердегі қатыгездік: әйелге жасалған шабуылға байланысты қылмыстық іс қозғалды
видео скрин
Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Түркістан облысының Ленгер қаласында әйелге жасалған қатыгез шабуылға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын алып кеткен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ленгердегі әйелдің аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейбір мәліметтерде оны таң атқанша ұрғаны айтылған.

Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар