Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері әуежайда, яғни қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген алты азаматты анықтады. Олар Атырау – Стамбұл әуерейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Құқық бұзушылар елге оралғаннан кейін ҚР қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар аталған тұлғалармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көлік полициясы заңнамада белгіленген талаптарды сақтау көлік инфрақұрылымы объектілерінде аса маңызды, өйткені мұнда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың жеке басын уақтылы анықтау зор маңызға ие екендігін еске салады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында жүкті әйелді күйеуі зиратта тұншықтырып, аяусыз ұрған
- авторОймақ
- Бүгін, 14:57




