жұма, 21 тамыз, 2026 12:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үш орман өрті тіркелді

Үш орман өрті тіркелді
Экология министрлігі
Өрт шыққан аумақтарға қажетті күштер мен техника жіберілді.

20 тамызда Қазақстан аумағында үш орман өрті тіркелді. Оның екеуі Шығыс Қазақстан облысында, тағы біреуі Катонқарағай аумағында анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» мамандарының әуеден бақылауы және мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жердегі кезекшілігі барысында дер кезінде анықталған.

Өрт шыққан аумақтарға қажетті күштер мен техника жіберілді. Тілсіз жауды сөндіруге орман шаруашылығы мамандары, «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері және арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің таралуына жол бермеу, ошақтарды оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандар өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындарды табиғат аясында қауіпсіздік талаптарын сақтауға, от жаққанда абай болуға және сөндірілмеген отты қараусыз қалдырмауға шақырды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар