бейсенбі, 13 тамыз, 2026 12:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Трамптың арнайы шақыруымен Мемлекет басшысы АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады

Трамптың арнайы шақыруымен Мемлекет басшысы  АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
Ақорда
Мемлекет басшысының жоспарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Америка Құрама Штаттарында өтетін G20 саммитіне қатысады. Мемлекет басшысының жоспарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Үлкен жиырмалықтың» жоғары деңгейдегі кездесуі 14-15 желтоқсанда Майами маңында өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған халықаралық жиынға АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы шақыруымен барады. Қазақстан G20 ұйымына мүше мемлекет болып табылмаса да, америкалық тарап елді шақырылған қатысушылар тізіміне қосқан.

Алдағы өтетін алқалы жиынға дайындық барысын Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капур талқылады. Сыртқы саясат ведомствосының хабарлауынша, тараптар саммиттің күн тәртібін пысықтау жұмыстарын ары қарай жалғастыруға келісті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар