жұма, 7 тамыз, 2026 16:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Канье Уэсттің (Ye) концертіне жалған билет сатпақ болғандар ұсталды

Канье Уэсттің (Ye) концертіне жалған билет сатпақ болғандар ұсталды
Roy Rochlin / Getty Images
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім етті,

Алматыда американдық рэпер Канье Уэсттің (Ye) концертіне жалған билет сатпақ болған азаматтың әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында концертке билет сату туралы хабарландыру орналастырған жас жігітті анықтады. Ол өзінің алаяқтық схемасын аяқтап үлгермеді, полиция қызметкерлері оның әрекетінің дер кезінде алдын алып, ықтимал сатып алушылар зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ауқымды музыкалық шара алдында жалған билеттерді сату әрекеттері мен басқа да алаяқтық схемаларды анықтау үшін әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және басқа да интернет-платформаларды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

«Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырады», – деп ескертті полиция департаментінің өкілдері.

Еске салсақ, әлемге танымал орындаушы Канье Уэсттің Қазақстандағы концерті 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар