бейсенбі, 6 тамыз, 2026 13:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінін сотқа берді

Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінін сотқа берді
Коллаж: Turkystan.kz
Бұл туралы Назым Қаһарман мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман оның анасы Алмира Нұрлыбекованың өзіне қарсы шамамен 25 миллион теңге өндіру туралы сотқа талап-арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, сот дауы 2011 жылдан бері өзі басқарған фитнес-клубқа қатысты басталған. Енесі екеуінің арасында сенімгерлік басқару туралы шарт жасалған.

Некеде тұрған кезде бұрынғы күйеуінің туыстары одан бизнестен түскен табысты беруді талап етпеген. Алайда арада жылдар өткен соң, бұрынғы енесі бұл қаражатты сот арқылы өндіріп алуға шешім қабылдаған.

Назым өз балаларын Қуандық Бишімбаевтың туыстарымен араластыру үшін жасалып отырған қысым деп есептейтінін айтты.

«Маған шамамен 25 миллион теңгеге талап-арыз келді... Бұл – соңғы екі жылда олардың тарапынан маған қарсы берілген төртінші талап-арыз, бірақ бұрынғы енемнің атынан түскені алғаш рет. Осы уақыт ішінде өзім тек бір ғана талап-арыз бердім – ата-ана құқығынан айыру туралы», – деді Қаһарман.

Оның айтуынша, екінші баласы дүниеге келгеннен кейін корпоративтік сектордағы жұмысын тастап, бұрынғы күйеуінің анасының атына рәсімделген ғимаратта орналасқан фитнес-клубты дамытуға кіріскен. Қаһарман сол кезде бұл сенімгерлік басқару шартының қандай да бір қауіп төндіретінін ойламағанын, өйткені отбасының мүддесі үшін әрекет етіп жүрмін деп есептегенін айтты.

Сондай-ақ ол арада жылдар өткен соң бұрынғы енесі бизнестен түскен табысқа қатысты қаржылық талап қойғанын мәлімдеді.

«Шын мәнінде, сенімгерлік басқару шарты – үлкен тұзақ. Егер енеңізбен, күйеуіңізбен немесе оның туыстарымен осындай шарт негізінде жұмыс істесеңіз, ертең олар сізге қарсы сотқа талап-арыз беріп, осы бизнестен тапқан табысыңызға талап қоюы мүмкін екенін есте сақтаңыз», – деді Қаһарман.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар