сәрсенбі, 5 тамыз, 2026 15:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Өтіріктен шаршадық": Нұрай Серікбайдың ағасы кезекті сот процесі туралы айтты

"Өтіріктен шаршадық": Нұрай Серікбайдың ағасы кезекті сот процесі  туралы айтты
коллаж: turkystan.kz
Ол бұл туралы әлеуметтік желіге жазды.

Кеше марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты кезекті сот процесі өтті. Сот отырысынан кейін марқұмның туған ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгін бізде төртінші сот процесі аяқталды. Процесс эмоционалдық, моральдық, физикалық жағынан өте ауыр болды. Өйткені сотталушының туыстары Нұрай жайлы білгенін айтты. Жеті туысы келді. Ең өкініштісі – біреуі де сөзін бізге көңіл айтып бастаған жоқ. Тек бірден іске кірісіп, «Нұрай өзі келді» деген сияқты шындыққа жанаспайтын нәрселер көп айтылды. Және де жеті адамның бәрінің сөзі жаттанды. Сұрақ қойған кезде жөнді жауап бере алмай жатыр. Сот залында 40 адам отырды. Сол отырған адамның бәрі шаршады. Өйткені өтіріктен өтірік айтылып жатты», - деді ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар