Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз Санжар Жанат казарманың төртінші қабатындағы терезеден құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Төтенше оқиға 2026 жылғы 3 тамызда орын алған. Сарбаз жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмекті көрсетті. Десанттық-шабуылдау әскері өкілдерінің ақпаратынша, бұған дейін әскери қызметші тарапынан қызмет жағдайына байланысты ешқандай шағым түспеген. Сонымен қатар оқиғадан бір күн бұрын ол ата-анасымен кездескен, олар да әскери бөлім басшылығына наразылық білдірмеген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Өз кезегінде Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, оқиғаның мән-жайын толық зерттеу үшін арнайы комиссия құрды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары мен сарапшылар сарбаздың қалай және қандай жағдайда құлағанын анықтап жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




