Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға басымдық беріп отыр - Ерлан Қарин
- авторОймақ
- Бүгін, 17:35
- 26
Ерлан Қарин жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізгі алғышарттарының бірі екенін айтты.
Оның сөзінше, ішкі мәдениеті мен адамгершілік ұстанымдары берік қалыптасқан қоғам ғана қазіргі заманның түрлі сын-қатеріне төтеп бере алады. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше мән беріп, қоғамдық мәдениетті арттыруды мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналдырған.
Ерлан Қариннің айтуынша, бүгінде қоғамдағы көптеген дау-дамай азаматтардың мәдениетсіздігі, әдеп нормаларын сақтамауы және бір-біріне құрметпен қарамауынан туындайды.
«Қоғамдағы кез келген кикілжіңнің алдын алудың бірден-бір жолы – әр адамның жеке мәдениетін дамыту. Бұл – өзара сыйластық, заңды құрметтеу, тазалық пен тәртіпті сақтау және өз ісіне адал болу», – деді ол.
Қарин ұлт сапасын арттыру мен азаматтардың мінез-құлқын өзгерту қысқа мерзімде жүзеге асатын жұмыс емес екенін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай нәтижеге жалаң ұран немесе насихат арқылы емес, нақты істер арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Осы бағытта Президенттің тапсырмасымен бірқатар жүйелі шаралар қабылданған. Атап айтқанда, мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Сонымен қатар вандализмге қарсы заң қабылданып, табиғи нысандарды қорғау талаптары күшейтілді. Қоғамдық орындарда бетті тұмшалап жүруге қатысты заңнамалық норма енгізіліп, көшеде бейәдеп сөз айтуға тыйым салынды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережелерін сақтау талаптары күшейтіліп, әлеуметтік желілерде азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапкершілік белгіленді.
Ерлан Қариннің айтуынша, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруда құқықтық тетіктердің де маңызы зор. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде хайп үшін заң бұзатын немесе қауіпті пранктер ұйымдастыратын азаматтарды жауапкершілікке тартып, олардың әрекеттерін ашық жариялай бастаған. Оның пікірінше, мұндай шаралар өзгелерге сабақ болып, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Арман Исағалиев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
- авторОймақ
- 29 шілде, 2026






