бейсенбі, 30 шілде, 2026 14:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таиландта ресейлік қыз бен інісі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен

Таиландта ресейлік қыз бен інісі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен
видео скрин
Қыздың анасы бірден полицияға жүгінген.

Таиландтың Паттайя қаласында Ресейден келген қыз бен оның інісінің жұмбақ жағдайда жоғалып кетуі қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 26 шілде күні таңғы сағат төрт шамасында болған. Түмен қаласының 22 жастағы тұрғыны Диана Назимова мен оның 17 жастағы інісі Роман бір мотоциклмен үйден шығып кеткен. Бақылау камералары олардың ауданнан кеткенін тіркеген.

Арада 24 минут өткен соң Диананың телефонынан «Шұғыл» деген жалғыз сөз жазылған хабарлама келген. Дәл сол уақытта смартфон соңғы геолокациясын жіберген. Ол үйден небәрі 200 метр қашықтықты көрсеткен. Осыдан кейін ағалы-қарындас байланысқа шықпаған.

Жоғалып кетердің алдында Диана анасына iPhone телефоны белгісіз Bluetooth құрылғысын анықтағанын айтып, өзін біреудің аңдып жүргенін сезетінін жеткізген.

Қыздың анасы бірден полицияға жүгінген. Кейін Ресейдің Таиландтағы елшілігі де іске араласып, жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тергеу барысында күдікті анықталып, оның үйіне арнайы жасақпен операция жүргізілген. Бірақ ешкім табылмады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар