сәрсенбі, 29 шілде, 2026 16:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
Фото: primeminister.kz
Ержан Тоқтағұлов Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы мемлекеттiк басқару академиясын, Халықаралық көлiктiк-гуманитарлық университетiн бітірген.    

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2015 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында бас маман, сарапшы болып жұмыс істеді.

2018–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы. 

2019 жылы — «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ Сарапшылардың шығындарын орнына толтыру орталығының директоры.

2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті БАҚ саласындағы бақылау басқармасы басшысының м.а., басшысы.

2020–2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы – Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2021–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы. 

2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар