сейсенбі, 28 шілде, 2026 16:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада полиция күшейтілген режимге көшеді

Астанада полиция күшейтілген режимге көшеді
polisia.kz
Халықаралық спорттық дода – «Болашақ ойындары – 2026» өтеді.

29 шілде мен 9 тамыз аралығында елорда төрінде әлем назарын өзіне аударатын ауқымды халықаралық спорттық дода – «Болашақ ойындары – 2026» өтеді. Цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты ұштастыратын бірегей жарысқа әлемнің үздік спортшылар, халықаралық делегациялар, жанкүйерлер мен туристер келеді деп күтілуде. Осыған байланысты Астана қаласының Полиция департаменті, қосымша құрылымдардан қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызметтік режимге көшеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Халықаралық іс-шараның барлық кезеңінде полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады.

Сонымен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жарыс өтетін нысандардың маңында көлік қозғалысы реттеліп, кептелістердің алдын алу, арнайы көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді шаралар қабылданады. Осыған байланысты Астана қаласының Полиция департаменті, қосымша құрылымдардан қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызметтік режимге көшеді.

Халықаралық іс-шараның барлық кезеңінде полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады.

Сонымен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жарыс өтетін нысандардың маңында көлік қозғалысы реттеліп, кептелістердің алдын алу, арнайы көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді шаралар қабылданады. Осыған байланысты жекелеген көшелерде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауға  шақырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар