ҰҚК Батыс Қазақстан университеті ректорына қатысты тергеу басталғанын растады
- авторОймақ
- Бүгін, 14:19
- 19
Ұлттық қауіпсіздік комитеті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Алайда тергеу мүддесіне байланысты істің Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша қозғалғаны және өзге де егжей-тегжейлі мәліметтер әзірге ашық айтылмай отыр.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді ҰҚК өкілдері informburo.kz сауалына берген жауабында.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан ректордың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар оның айтуынша, күдіктінің жұмыс орнында тінту шаралары жүргізілген.
Айта кетейік, Нұрлан Серғалиев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін басқарып қана қоймай, облыстық мәслихаттың депутаты болып табылады. Ол білім мен ғылым саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





