сейсенбі, 21 шілде, 2026 6:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты
Фото: stat.gov
2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті.

2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар өткізу нарығының  географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.

Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді.

Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.

2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сүзбенің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмына 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавл қаласында тіркелді – бір килограмы 1 661 теңге, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында –бір килограмы орта есеппен 3 060 теңге болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар