сейсенбі, 21 шілде, 2026 6:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Қазақфильм» былтыр 325 мың теңге таза пайда тапқан

«Қазақфильм» былтыр 325 мың теңге таза пайда тапқан
Фото: kazakhfilm.kz
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» 2025 жылы 325 мың теңге таза пайда тапқан. Соның 246,8 мың теңгесі жалғыз акционерге дивиденд ретінде төленсе, 105,8 мың теңгесі компания дамуына жұмсалмақ. Бір акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 2 тиынды құрайды.

Киностудияның 2025 жылғы қаржы есебін бекіту мен таза пайдасын бөлу туралы жалғыз акционердің шешімі қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған. Компанияның 100 пайыз акциясы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиесілі.

Кинокомпанияның 2024 жылы тапқан табысы да 316 мың теңгеден сәл асқан.

Тарихы 1930-жылдардан бастау алатын мекеме – Қазақстандағы алғашқы киностудия.

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы – қазақ киносының жүрегі, халықтың тарихын, мәдениеті мен рухын бейнелейтін айтулы туындылар дүниеге келетін еліміздегі басты шығармашылық алаң. Студияның тарихы бір ғасырға жуық уақытты қамтиды және Қазақстандағы киноөнердің дамуының ажырамас бөлігі», – делінген ресми сайтында.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2025 жылдың басында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» жаңа даму кезеңіне өтеді деп мәлімдеген. Министрдің айтуынша, фильмдерге бөлінетін қаражаттың кем дегенде 30%-ы тікелей «Қазақфильм» бюджетіне түсіп тұрады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар