жұма, 17 шілде, 2026 10:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Фото: zakon.kz
Түркістан облысындағы тас жолда түнде екі көлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты. Полиция тергеу бастады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді тас жолында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, түнде тас жолда Toyota Camry мен Volkswagen Passat соқтығысқан", – деп хабарлады полиция.

Апат салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты.

Департамент қазір барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын қосты. Тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар