бейсенбі, 16 шілде, 2026 19:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құруға ниеті туралы келісім жасады

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құруға ниеті туралы келісім жасады
Астанада Жаңа адамдар және Дала Қырандары қозғалыстарының кездесуі өтті.

Жаңа Халық Конституциясы елімізде ауқымды өзгерістердің басталуына негіз болды. Бүгін сол өзгерістердің келесі кезеңі - Конституцияда бекітілген құндылықтарды нақты істер мен қоғамдық бастамалар арқылы жүзеге асыру басталды. Реформалардың өмірде қалай іске асуына қоғамның өзі жауап береді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Конституциясының жасампаз әлеуеті оны іске асыруға жастардың белсенді қатысуы арқылы толық ашылатынын бірнеше рет атап өтті. Бүгінде жас буын қоғамдық өзгерістерді бастап, жаңа идеялар ұсынып, маңызды бастамалардың төңірегіне адамдарды біріктіріп, елдің дамуына деген қоғамдық сұранысты қалыптастырады.

Астанада Жаңа адамдар және Дала Қырандары қозғалыстарының кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыптары екі қозғалысты біріктіретін құндылықтар: жүйелілік пен жауапкершілік, жасампаз патриотизм, Заң мен Тәртіп, экологиялық мәдениет, еріктілік және Адал азамат қағидаттары болды.

Кездесу нәтижесінде Жаңа адамдар мен Дала Қырандары өздерінің дербестігін сақтай отырып, күш-жігерін біріктіруге және Әділет партиясының жастар қанаты ретінде бірлесіп жұмыс істеу ниеті туралы келісім жасасты. Бұл шешім – ауқымды мақсаттарды жүзеге асыру және Әділетті Қазақстан қағидаттарын ілгерілету жолында екі қозғалыстың күшті жақтарын біріктіруге бағытталған маңызды қадамға айналды.

Асель Баденова, Жаңа адамдар Қозғалысының негізін қалаушы:

«Еліміздің әр өңірінен келген көшбасшыларымыз Әділет партиясының Саяси кеңесінің құрамына енді. Бұл - меритократия қағидатының нақты көрінісі: мүмкіндік нақты іспен өзін дәлелдеген адамдарға беріледі.

Бірлескен жұмыс барысында біз бір-бірімізді жақынырақ танып, ұстанымдарымыз бен мақсаттарымыздың үндес екенін көрдік. Күш біріктірсек, ауқымды бастамаларды жүзеге асырып, ел дамуына үлкен үлес қоса алатынымыз анық болды».

Мади Рымжанов, Дала Қырандары жетекшісі:

«Біз бүгін жастар қанатын қандай бағытта дамытқымыз келетінін, оның қандай қағидаттарға сүйенуі тиіс екенін, өңірлердегі жұмысы қалай ұйымдастырылуы қажет екенін және бұл үдерісте біздің қозғалыстың қандай рөл атқара алатынын бірге талқылау үшін жиналдық».

Ортақ жұмыстың басты мақсаты - бастамашыл жастар қоғамдық және саяси өмірге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын ұсынып қана қоймай, оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілік ала алатын орта қалыптастыру. Бұл ынтымақтастықтың негізінде екі қозғалыстың өңірлік командаларды дамыту және өз ісінің көшбасшыларын даярлау бағытындағы тәжірибесі жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар