сәрсенбі, 15 шілде, 2026 11:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құрылтай сайлауын өткізуге 34,3 млрд теңге бөлінді

Құрылтай сайлауын өткізуге 34,3 млрд теңге бөлінді
Қазақпарат
2026 жылғы 23 тамызға жоспарланған Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді.

Оның айтуынша, сайлауды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Алайда биылғы бюджет өткен жылы қабылданғандықтан, сол кезде Құрылтай сайлауын өткізу мәселесі күн тәртібінде болмаған.

«Сайлау Конституциялық заң талаптарына сәйкес республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Құрылтай депутаттарының 23 тамызға белгіленген сайлауын ұйымдастыру үшін Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді. Резерв қаражатының пайдаланылуының себебі – биылғы бюджет өткен жылы бекітілді, ал сол кезде бұл сайлауды өткізу жоспарланбаған болатын», – деді Михаил Бортник.

Брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Утемисов партиялардың сайлауға қатысу шарттарын да түсіндірді. Оның сөзінше, әрбір кандидат үшін партиялар ОСК-ның арнайы шотына 15 ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінде, яғни шамамен 1,2 млн теңге көлемінде сайлау жарнасын аударады.

Сонымен қатар, алдыңғы парламенттік сайлауда жоғары нәтиже көрсеткен партияларға жеңілдік қарастырылған.

«2023 жылғы Мәжіліс сайлауында 5 пайыздан астам дауыс алған партиялар сайлау жарнасын төлемейді. Ал 3-5 пайыз аралығында қолдау тапқан партиялар оның 50 пайызын ғана төлейді. Егер партия өткен сайлауда 1-3 пайыз дауыс жинаса, бұл жолы жарнаның 70 пайызын төлейді», – деді Шавкат Утемисов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар