сейсенбі, 14 шілде, 2026 22:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында төрт баласымен жоғалған әйел табылды

Түркістан облысында төрт баласымен жоғалған әйел табылды
Ол өзінің қайда жүргенін ешкімге хабарламаған.

Түркістан облысында төрт баласымен бірге жоғалып кеткен әйел бір аптадан кейін табылды. Отбасындағы жанжалдан кейін әйел балаларын ертіп Шымкентке кетіп, пәтер жалдап тұрған. Ол өзінің қайда жүргенін ешкімге хабарламаған. Қазіргі уақытта отбасы қайтадан үйіне оралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, әйелдің жоғалғаны туралы оның күйеуі арызданған. Оның айтуынша, жұбайы жеті күн бұрын төрт баласын ертіп үйден шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Хабарлама түскен бойда Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел іздестіру шараларын бастаған.

Әйелдің жанында 6, 5 және 3 жастағы, сондай-ақ 10 айлық төрт баласы болған. Полицейлер ауданға кіреберіс және шығаберіс жолдарға бақылау бекеттерін қойып, көліктерді тексерді, көршілес өңірлерге іздеу бағдарларын жолдап, үздіксіз іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде әйел балаларымен бірге таксимен келе жатқан жерінен табылып, полиция бөліміне жеткізілді.

Құқық қорғау органдарының анықтауынша, әйелдің үйден кетуіне күйеуімен болған тұрмыстық жанжал себеп болған. Ренжіген әйел балаларын және құжаттарын алып, Шымкентке кетіп, сол жерде пәтер жалдаған. Алайда өзінің қайда жүргенін туыстарының ешқайсысына хабарламаған.

Полиция қызметкерлері әйелмен әңгімелескеннен кейін оның туыстары бөлімге шақырылды. Нәтижесінде отбасы мүшелері татуласып, аман-есен үйлеріне оралды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар