дүйсенбі, 13 шілде, 2026 7:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады
istockphoto.com
15 наурыз енді мемлекеттік мереке болып саналады.

2026 жылдан бастап Қазақстан тұрғындары 30 тамызда Конституция күнін тойламайды. Десе де биыл тамызда қазақстандықтарды барлығы он күн демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция Қазақстанда 1 шілдеде күшіне енді. Нәтижесінде Конституция күнін ресми түрде атап өту күні де өзгерді.

15 наурыз енді мемлекеттік мереке болып саналады. Бұл норма жаңа Конституцияның 94-бабы 2-тармағында бекітілген. Осылайша, 15 наурыз қазақстандықтар үшін жаңа демалыс күніне айналып отыр.

eGov веб-сайтында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындары биыл тамызда 10 күн демалады. 2026 жылы тамызда бірден 10 күн сенбі мен жексенбі күндеріне түсіп тұр. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар он күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар